Экономика • 24 Қазан, 2023

Жаңа жылдан бастап қандай төлемдер өседі?

2953 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылдан бастап қандай төлемдер өседі?

Фото: ашық дереккөз

Құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделгені жазылған.

Бұл өсім еңбекке қабілеттілігі жоқ 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасыны қамтиды. Бұл мақсаттарға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің көлемін жыл сайын арттырып отырады.