Құтқарушы • 24 Қазан, 2023

Ерлік жасадым деп есептемеймін

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өз басым ауыз толтырып айтарлықтай ерлік жасадым деп айта алмаймын. Адам ретінде қиын жағдайға тап болған жандарға қолұшын создық. Соған қарамастан кішігірім еңбегімді бағалап «Ерлігі үшін» медалін табыстап жатқан ел басшыларына рахмет айтамын. Бұл марапатты Президенттің өз қолынан алғанымды мақтан тұтамын.

Ерлік жасадым деп есептемеймін

Мен Теміртау қаласында өрт сөндіру көлігінің жүр­гізушісі болып еңбек етемін. Биыл наурыз айында мен ең­бек демалысында едім. Өзім тұратын пәтер 2-қабатта еді. Бір күні үстіміздегі 3-қабат­тағы пәтерде газ жарылды. Кі­ре­беріске шығып едім, үс­тін­дегі киімі түгел жанып кеткен бір әйел баспалдақпен түсіп келе жатыр. Зайыбым екеуміз оны ішке кіргізгенде «Балалар, балалар!» дей берді. Сөйтсе, пәтерде тағы бір әйел және 4 кішкентай бала бар екен. Оларды да өртеніп жат­қан үйден дер кезінде алып шықтық.

Бір әттеген-айы, сол оқи­ға­дан кейін 15 пәтерлі біз­дің көпқабатты үйіміз тұруға қауіпті делініп, бәрімізді шы­ғар­ды. Міне содан бері 8 ай өтті. Жөндеп береміз деп уәде беріп еді. Бірақ әлі күнге өз үйімізге орала алмай жатыр­мыз. Қазір қызымыздың үйін­де тұрып жатырмыз. Оның өзі көпбалалы отбасы. Үйіміз­ді тезірек жөндеп, шаңырағы­мызға қайта оралсақ дейміз.

 

Талғатбек ТӨЛЕУБАЕВ,

өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі

 

Теміртау қаласы