Атап айтқанда, еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Ислам Байрамуковке ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені тапсырылды.
Сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері – медицина ғылымдарының докторы, «Республикалық медицина палатасы» ҚБ басқармасының төрағасы Мақсұт Құлжанов, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Қылышбай Бисенов, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәуле Досжанова, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева «Парасат» орденімен марапатталды.
Сонымен қатар Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев пен Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының төрағасы Жанат Омарбекова, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Әлия Байсабаева, Дүниежүзілік мұра жөніндегі ұлттық комитеттің мүшесі Элина Мальцева, Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитет төрағасының орынбасары Рустам Мұзафаров, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы «Адам және Биосфера» бағдарламасы ұлттық комитетінің төрағасы Роман Ященко, архитектор-реставратор, «RUTRUM» ЖШС-ның аға ғылыми қызметкері Людмила Дубровская «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.
«Ерен еңбегi үшiн» медалі, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, Мәжіліс депутаты Динара Наумова және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқармасының төрағасы Әділ Құсмановқа берілді.
Ерлан Қарин марапат иелерінің еселі еңбегі мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары бағаланып жатқанын атап өтіп, марапат иелерін еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.