1990 жылы қабылданған Егемендік декларациясы – еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени, әкімшілік-аумақтық құрылысының дербестігін айқындаған тәуелсіздік тарихындағы айшықты құжаттардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, «Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн».
Ата-баба қанымен, тарихтың алапат дауылына қарсы тұра білген аға буынның жанкешті еңбегімен, мұқалмас ерік-жігерімен келген Тәуелсіздігіміздің арайлап атқан әр таңын ардақтай білейік.
Еліміздің бірлігі берік, ынтымағы тұрақты, әлеуеті қуатты болғай!
Әр шаңыраққа молшылық пен игілік, ырыс-береке, баянды бақыт тілейміз.
Ізгі ниетпен,
«Ауыл» партиясы