Спорт • 26 Қазан, 2023

Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жеткен қазақ балуанын алтын медальға жеткізбеді

3333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Албанияның бас шаһары Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгілер арасында еркін күрестен Асылжан Есенгелді күміс медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жеткен қазақ балуанын алтын медальға жеткізбеді

Фото: zakon.kz

Еске салайық, бірінші жекпе-жекте жапондық Кайто Моританы ұтып, ширек финалда үндістандық Акаша Дахияны қапы қалдырған Қазақстан спортшысы Асылжан Есенгелді жартылай финалда қырғыз балуаны Тайырбек Жұмашбекуулын жеңіп, сенсация жасаған болатын.

Отандасымыз Асылжан Есенгелді байрақты бәсекенің ақтық сайысында Башир Магомедовке (Ресей) есе жіберді (0-4). Осылайша, Қазақстан балуаны әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Әлем чемпионаты 29 қазанда аяқталады.