Спорт • 26 Қазан, 2023

Астанадағы мектеп 178 млн теңгеге велосипед сатып алмақ болған

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Астанадағы мектеп 178 млн теңгеге велосипед сатып алмақ болған

«Қалалық спорт мектептерінің бірі мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу үшін заңсыз конкурс жариялаған.

Жоғарыда аталған әрекет Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді», делінген мәліметте.

Прокуратураның қадағалау актісімен 178 млн теңгеге заңсыз сатып алу жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.