Фото: Астана әкімдігі
Евгений Глотов еңбек жолын «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-да бастады. Әр жылдары «Ауыл жастары одағы» ҚБ, «GP group» ЖШС-да жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.