Аймақтар • 26 Қазан, 2023

Экс-депутат мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамалып, 7 жылға куәлігінен айрылады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде сот экс-депутат Сәния Мұратоваға мас күйінде көлік жүргізгені үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экс-депутат мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 күнге қамалып, 7 жылға куәлігінен айрылады

5 қыркүйек күні тәртіп сақшылары Бәйшева көшесінің бойында 53 жастағы әйелдің басқаруындағы «Лексус» көлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі медициналық сараптама жеңіл дәрежедегі мас күйін көрсеткенін мәлімдеді. Сот Мұратованы кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол сонымен қатар жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәния Мұратова мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болды. Осы оқиғадан соң ол депутаттықтан кету туралы арыз жазды.

Мұратованың жеке фитнес орталығы бар.