Өнер иесі «Қызықты weekend» жобасына берген сұхбатында «Бозторғай» әні оның өміріндегі орны ерекше туынды екенін алға тартты.
«Кенен атамыздың «Бозторғай» әні мені расымен де әнші деген атаққа лайықты етіп берді. «Кененнің әні – «Бозторғай», орындайтын - «Қараторғай» деген лақап атым шықты. «Бозторғайды» орындайтын Қараторғайды шақырыңдаршы» деп те айтып жүрді», деді Саят Медеуов.
Айта кетейік, өнер иесі биыл өзінің 50 жас мерейтойына орай үлкен шығармашылық кеш өткізбек.