Фото: gov.kz
Жастар арасындағы жекпе-жек сайыстарында 8 боксшымыз жартылай финалға шықса, екі спортшымыз ширек финалдық жекпе-жегін енді өткізеді. Жастар арасында ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшыларымыздың қарымы көңіл қуантты. Әсіресе 75 келі салмақта сынға түскен Алдияр Әбділлаев тайпейлік қарсыласын айқын басымдықпен ұтты, 80 келі салмақта Дәулет Төлемісов те Тайпей бокшысының есін екеу, түсін төртеу етіп жеңді. Ертең жасөспірімдер арасындағы жекпе-жек бәсекесі басталады.