Салық • 27 Қазан, 2023

Несиеге алынған қымбат мүлікке де салық салынады - министр

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров несиеге алынған қымбат мүлікке де байлық салығы салынатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Несиеге алынған қымбат мүлікке де салық салынады - министр

Фото: pexels

«Қымбат заттың қалай сатып алынғаны маңызды емес. Сатып алынған жылжымайтын немесе жылжымалы мүліктің тіркеу алымы төленуікерек», деді Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін.

Осы тұста министр жаңа Салық кодексінде байлық салығын қымбат мүліктерге салу ұсынылып отырғанын тағы да еске салды.