Спорт • 27 Қазан, 2023

Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан спортшы Нұрдәулет Жұмағали Қытайдың Ханчжоу шаһарында өтіп жатқан IV Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы

Фото: Turizm_zhane_sport_ministrligi

Ол пара жүзуден 200 м қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартып, байрақты бәсекенің екінші алтын жүлдесін жеңіп алды.

Спортшыны жетістігімен құттықтаған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев: «Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін!», деді.

Қазақстан құрамасы қоржынында 8 алтын, 12 күміс, 21 қола жүлде бар.