Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты «Хабар» Агенттігінің телеарналары және «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты телерадиоарналар эфирінен бүгіннен бастап барлық ойын-сауық бағдарламалар алынды.
Аталған ірі телерадиоарналардың ұжымдары шахтадағы апаттан қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.