Тағайындау • 28 Қазан, 2023

Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарады

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Комиссияның шешімімен Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарады

Фото: ашық дереккөз

В. Басин 2022 жылғы қазан айынан бастап Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істейді. Еңбек жолын металлургия комбинатында электромонтер болып бастаған. Ұлттық құрылтай мүшесі, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев: «Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді», деген еді.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше