Оқиға • 29 Қазан, 2023

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 35-ке жетті

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта 35 адамның мәйіті табылды, оның 29-ы жер астынан шығарылды, 11 кеншіні  іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 35-ке жетті

«Апаттық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ЖШС Республикалық орталық штабы Қарағанды ​​филиалының 10 тау-кен-құтқару бөлімі жұмылдырылған», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды ​​облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Компанияның мәліметінше, шахатада газ метанының жарылысы болған.

Оқиға орнына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барды.

Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.