Президент • 29 Қазан, 2023

Президентке шет мемлекет басшылары көңіл айтты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты шет мемлекет басшыларынан көңіл айту жеделхаттары мен телефон қоңыраулары түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке шет мемлекет басшылары көңіл айтты

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары телефон арқылы да көңіл айтып жатыр. Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Соның ішінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.