Фото: ашық дереккөз
Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр», делінген ресми хабарламада.