«Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын», деп жазды ДДҰ басшысы X (Twitter) желісінде.
Еске сала кетсек, 28 қазанда Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды. Соңғы деректерге сәйкес, қаза тапқандар саны 36 адамға жетті.