«Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындап жатыр», делінген хабарламада.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-72.51.7212-23, АрселорМиттал Теміртау 8-72.49.7212-70) және Астанада (8-41.70.7172-08) сенім телефондары жұмыс істейді.
Айта кетейік, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.