Гистологиялық зерттеумен айналысатын институттың ғылыми қызметкері Жазира Сыдықованың айтуынша, жағдайды бағалау және сынама алу үшін шұғыл экспедиция жіберілген.
Ғалымдар келгенге дейін 51 өлексе Баутино ауылы маңындағы полигонға апарылған. Онда, түбекте қатты ыдырау сатысында бекіре балықтарының 75 түрі табылды.
Оқиға орнына барған институт қызметкерлері зерттеу үшін балықтар мен итбалықтардан сынама алды.
Қаражамбас ауданында (Бозащы түбегі) Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы тағы 48 итбалық өлексесін тауып алған.
«Екі учаскедегі итбалықтардың өлекселері қатты ыдырау сатысында болды. Өлекселерден көгерген немесе механикалық зақымдану іздері табылған жоқ. Жаппай қырылудың себебі әлі анықталған жоқ», деп түсіндірді Жазира Сыдықова.