Қоғам • 29 Қазан, 2023

Костенко шахтасында 45 кеншінің мәйіті табылды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Костенко шахтасында 45 кеншінің мәйіті табылды

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізіліп жатыр. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталып жатыр.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
- металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;
- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар Сырым Шәріпханов апатты тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді. Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында.