Өнім • 30 Қазан, 2023

Тауарларды таңбалау мерзімі ұзартылды

179 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мұндай шешім 2023 жылғы 24 қазанда Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен тауарларды таңбалау жүйесі және қадағалау мәселелері жөніндегі кеңесте қабылданды.

Тауарларды таңбалау мерзімі ұзартылды

Бүгінгі таңда Қазақстанда жануар­лар терісінен жасалған бұйымдар, теме­кі бұ­йымдары, аяқкиім және дәрі-дәр­мек сияқты 4 тауарлар тобы бойынша мін­детті таңбалау туралы шешім қа­был­дан­ды. Зергерлік бұйымдарды таң­ба­лау қанатқақты режімде жүзеге асырылуда.

Өнеркәсіп және құрылыс министр­лігінің мәліметінше, бүгінде аяқкиім тауарлары айналымының 96%-ы – им­порттық, 4%-ы ғана – отандық өнім. Ішкі нарықтың дамуына аяқкиімнің көлеңкелі айналымы айтарлықтай кедергі болып тұр. Таңбалау енгізілгеннен кейін аяқ киім нарығы ай­тар­­лықтай тазарды.

«Аяқкиім өнімдерін цифрлық таңба­лау­ды енгізу нәтижесінде аяқкиімнің ресми импорты 36%-ға өсті (2022 жылғы 7 айдағы 26,1 млн жұптан 2023 жылғы 7 айдағы 35,6 млн жұпқа дейін). Аяқкиім өндірісі 20%-ға өсті (2021 жылғы 1,5 млн жұптан 2022 жылғы 1,8 млн жұпқа дейін). Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен таңбалау кодтарын өзара тану үдерісі басталды, бұл атал­ған елдерден әкелінетін аяқкиімдерді таң­баламауға мүмкіндік береді», деді өнер­­кәсіп және құрылыс вице-министрі Динара Щеглова.

Цифрлық таңбалаудың басты артық­шылығы – ол әр аяқкиімді белгілеп, адами факторсыз тауарды жеткізу тізбегін қа­да­ғалауға мүмкіндік береді. 2023 жыл­ғы қазан айындағы жағдай бойынша тауар­ларды таңбалау және қадағалау бойынша ақпарат жүйесінде 3,2 мың қатысушы тіркеліп, 78,3 млн-нан астам таңбалау коды берілді, 12,1 мың таңбалау коды айналымнан алынды.

Аяқкиіммен айналысатын ірі көтерме саудагерлердің басты мәселесі – қойма­лар­да, әсіресе Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көтерме және бөлшек сау­да ба­зарларындағы таңбаланбай қал­ған аяқкиімдер. Кәсіпорын тауарларды таңбалауға дайын, бірақ бұл біраз уақытты қажет етеді. Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аяқ киім қал­дық­тарын таңбалау мерзімін 2023 жылғы 1 қарашадан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту бойынша жұмысты бастады. Импорттаушылардың өтініштерін ескере отырып, кеңесте таңбалау мерзімін 2024 жылғы 1 ақпанға дейін тағы бір айға ұзарту туралы шешім қабылданды. Сон­дай-ақ аталған күнге дейін аяқкиімді им­порт­таушының өз қоймаларында таңбалау мүм­кіндігі ұзартылды.

«Қазір біз Алматы және Шымкент қала­ларындағы көтерме қоймаларда таң­балау пункттерін құру жұмыстарын жүр­гізіп жатырмыз, бұл Қазақстанға аяқкиім әкелетін екі үлкен пункт. Базар әкімшілігі көтерме сауда қоймаларындағы аяқкиім қалдықтарына кодтар енгізуге көмек­тесуге, бұл үшін орын беріп, қызмет көр­сетуге дайын. Сондай-ақ қалдықтарды таңбалау үдерісі тұрақты болып кетпес үшін импорт­таушылар жаңа маусымда тек таң­баланған аяқкиімдер әкелінетіні туралы міндеттемелерді қабылдауы қа­жет. Бұл аяқкиімнің бағасына іс жү­зінде ешқандай әсер етпейді. Мысалы, Қазақ­стан нарығына аяқкиім экспорттайтын қытайлық «Beijing Vitcony» компания­сы аяқкиімді таңбалау қызметін тегін, тауар бағасына қоспай-ақ, ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Олар қазірдің өзінде Ресейден импорттаушылар үшін осылай істеп жатыр. 300-ден астам қытайлық жеткізушісі бар жүк тасымалдаушылар Ресейге аяқкиім экспорттайды, олар тауарларды өздерінің өндірісінде таңбалайды. Бұл компаниялар Қазақстан үшін де дәл осындай қызметті көрсете алады. Негізгі аяқкиім жеткізушілері саналатын Өзбекстан мен Түркия өндірушілері өндіріс орындарында тауарларды бірден таңбалауға дайын. Ресей қазірдің өзінде таңбалап жатыр. Осылайша, арнайы жаб­дық­талған кеден қоймаларының қажет­тілігін барынша азайтуға болады, оларды тек қана аяқкиім әуе көлігімен әкелінетін кеден қоймаларында қалдыруға болады. Бұл негізінен Еуропадан келген қымбат аяқ киімдер. Аяқкиім өнімдерінің айналымына қатысушылармен ортақ міндетіміз – аяқкиімдерді 4 ай ішінде, негізінен, кеден қоймаларына кірер алдында таңбалау үдерістерін құру, ал мұны болдыртпау мүмкін болмаса, кеден қоймаларының иелерімен аяқкиімді таңбалау қызметі бойынша жұмыс істеу», деді «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Сонымен қатар кеңесте кеден қоймала­рының тауарларды таңбалау үшін орын беруге дайындығы мен ондағы жағдай мә­­селесі қарастырылды – қоймалардың кө­бінде жылу жоқ, кейбіреуі электр желі­лерімен жабдықталмаған және т.б. Мем­ле­кеттік кірістер комитетіне қажетті инфра­­құрылым мәселесін шешу тапсырылды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізі­ле­тін дәрілік заттарды таңбалауға келетін болсақ, бүгінгі таңда медициналық ұйым­дар­ды қажетті құрал-жабдықтармен жаб­дық­тау басты кедергі болып отыр. Атал­ған мәселемен Денсаулық сақтау ми­нистрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бір­ле­сіп айналысатын болады.

«Таңбалауды жалғастыру керек. Аяқ­киімді таңбалауда қазірдің өзінде нә­ти­же бар екенін, өз өндірісіміз өсіп, на­рық тазарып жатқанын көріп отырмыз. Ол үшін аяқкиімді импорттаушылары, фар­мацевтикалық нарық және басқа да қатысушыларға осы үдерістің барлық мүмкіндігі мен шартын барабар түсін­діріп, таңбалауға қажетті құрал-жаб­дық­­­тардың құны туралы бизнесті нақ­ты хабардар ету қажет. Сонымен бірге таң­балауды қамтамасыз ету үшін қа­жетті кешенді шешімдерді біріктіретін құ­рыл­­ғыларды фармацевтикалық нарық­тың қатысушыларына тегін негізде беру мүмкіндігі бойынша екінші дең­гей­лі банктермен жұмыс жүргізу қа­жет», деді кеңесті қорытындылай келе вице-премьер.