Қоғам • 30 Қазан, 2023

WhatsApp-та Костенко атындағы шахтадағы өрттің фейк видеосы таралуда

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қарағандыда Костенко атындағы шахтада түсірілді деген өрттің видеосы таратылуда. Бұл жалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

WhatsApp-та Костенко атындағы шахтадағы өрттің фейк видеосы таралуда

«Әлеуметтік желілерде Костенко атындағы шахтада орын алған оқиғаның видеосы таралды. Бұл видео шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде мәлімдейміз. Ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауларыңыды сұраймыз», – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл видео Қазақстанда түсірілмеген. Ол бірнеше жазбадан тұрады. Олардың бірі Желіде 2022 жылдың маусымында тараған. Видеода Севильяда (Испания) Дос- Эрманастағы алюминий зауытында орын алған өрт көрсетілген.

Ал ақ-қара кадрлар – бұл 2014 жылдың мамырында Түркияның Сома қаласындағы шахтада арты өртке ұласқан жарылыс кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар.

Тағы бір видеода Қытайдың Шаньси провинциясында Лулян көмір шахтасында болған апат көрсетілген.

Таралған видеоның Қазақстанға қатысы жоқ.