Қоғам • 30 Қазан, 2023

Ел тұрғындары интернет алаяқтарға 13 млрд теңгесін санап берген

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел тұрғындары интернет алаяқтарға 13 млрд теңгесін санап берген

Оның мәліметінше, жыл басынан бері азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Бұл әрекеттердің салдарынан зардап шеккендерге 13 млрд теңгесін жоғалтқан.

«Әлі де алаяқтардың ең көп таралған әдісі — онлайн сауда. Онлайн саудамен байланысты 7 мың алаяқтық жасалды. Банктерде және микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн қарыз рәсімдеудің 1 600 фактісі тіркелген.

Азаматтар ақшаны тез көбейту үшін, олардың күмәнділігіне қарамастан әртүрлі схемаларға қатысуды жалғастырып жатыр. Бір жыл ішінде 1200 қазақстандық осындай схемалардың құрбаны болды, олар өз ақшаларын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салған. Кей жағдайларда осы мақсаттар үшін несие алғандар бар», деді орталық басшысы.

Рүстем Дүйсетаев алаяқтар ірі компаниялардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайт құру арқылы азаматтарды қызықтыратынын да атап өтті. Бұл ретте «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін бір реттік дивиденд төлейді.