Елорда • 30 Қазан, 2023

Кеше Астана ауруханаларында оқыс жағдайлар тіркелген жоқ

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Астана қаласындағы электроэнергия саласындағы өзекті мәселелер» туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеше Астана ауруханаларында оқыс жағдайлар тіркелген жоқ

Фото: Астана әкімдігі

«Ауруханалар мен перзентханаларда оқыс жағдайлар тіркелген жоқ. Барлық науқас толық көлемде медициналық көмек алды. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ», деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Қаладағы барлық ауруханада генераторлар бар. Олар электр қуаты болмаған кезде өздігінен қосылады. Алматы және Байқоңыр аудандарының ауруханалары генераторлардың көмегімен медициналық ұйымдарда электр қуатын ішінара қосқан.

Яғни бірінші кезекте электр энергиясы жан сақтау және терапия бөліміне сондай-ақ операциялық блоктарда жүзеге асырылады. Ауруханалардың қалған бөлімдері мен палаталарында жарық болмады. Себебі бірінші кезекте генераторлардың көмегімен жан сақтау бөлімі мен операциялық блоктар электр қуатына қосылады. Авариялық жұмыстар қалпына келтірілген соң жарық барлық корпусқа берілді.