Спорт • 30 Қазан, 2023

Аты аңызға айналған балуан Қазақстанда шеберлік байқасады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен алты дүркін әлем чемпионы америкалық Джордан Берроуз халықаралық турнирге қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аты аңызға айналған балуан Қазақстанда шеберлік байқасады

Фото: Prosports.kz

Көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласында өтеді.

Айта кетсек, Джордан Берроуз - 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы әрі әлемнің алты дүркін чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017, 2021, 2022).