Ойынның алғашқы кезеңі торпедолықтардың басымдығымен өтті. Алма-кезек шабуылдардың бірінде қонақтар сапынан Владислав Фирстовтың қанжығасы майланып, 15:34 секундта есеп ашты. Екінші кезеңде 6 500-ден аса жанкүйердің салы суға кетті. Себебі ойынның 26:40 секундында Егор Виноградов барыстықтардың қақпасынан саңылау тапты – 0:2.
Тек үшінші кезеңде ғана Батырлан Мұратов (43:49 секунд) таразы басын қысқартып, үміт сыйлаған еді. Алайда одан кейін Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері тағы да қарсыластар қақпасына шайба соғуға шамасы жетпеді. Қорытынды есеп 1:2, қонақтардың пайдасына шешілді.