Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Болашақ чемпиондарды баулитын кешен

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шекаралы аймақ – Райымбек ауда­нының Сүмбе ауылының жас­тарын шат-шадыман еткен айту­лы­ жаңалық – заманауи спорт ке­ше­­нінің пайдалануға берілуі. Ауыл­дың ажарын ашып, тұрғындар көңі­лін көпсіткен еңселі ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр.

Болашақ чемпиондарды баулитын кешен

Ауласында баскетбол және футбол алаңдары, көліктерге арналған тұрақ, воркаут алаңы орналасқан. Ал кешеннің ішінде 70 көрерменге арналған спорт, бокс, фитнес, күрес, тіпті гимнастика залдары бар. Сонымен қатар ғимаратта медициналық пункті, дәретхана, киім ілгіштің болуы ауыл жастарының, әсіресе спорт­қа­ әуес балалардың қуанышын есе­леді. Мұнда бір уақытта 100-ден астам жас спортпен шұғылдана алады. Спорт кеше­нін жылыту үшін блоктық-модуль­дік қазандық орнатылған. Құры­лысқа 1 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Алматы облысының әкімі Ма­рат­ Сұлтанғазиев таулы аудан­ға­ барған іссапарында ауыл тұр­ғын­дарымен жүздесіп, Сүмбе ауыл­дық­ спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

апр

«Ауылда спортқа қызығушы бала­лар­­дың көп болғаны қуан­та­ды. Бұл ны­сан­ның сала­матты өмір салтын халық арасында дәріп­теу­д­е маңызы зор. Жалпы, Нарынқол өңірінің жас­­тары белсенді әрі талантты. Осы спорт кеше­нінен еліміздің туын көкке көтеретін, айбынды жастар тәрбиеленіп шығады деп үміттенеміз», деді өңір басшысы.

Шеткерідегі Сүмбе ауылының инфра­құ­­рылымы ай өткен сайын жаңғырып, жан­­данып келеді. Бұлай деуіміз негізсіз емес. Осы жылдың мамыр айында ауылда құ­ны жарты миллионға жуықтайтын мә­де­ниет үйі ашылса, енді міне, әлеуметтік ны­сан қатары халықтың игілігіне арналған спорт кешенімен толы­ғып, жастардың құл­шынысы мен қызығушылығын арттырып келеді.

 

Алматы облысы