Сұхбат • 31 Қазан, 2023

Марат Қарабаев: Қазақстан тиімді географиялық позицияға ие

268 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану» деп атап көрсетті. Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде жер бетінде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Бұл елдер арасындағы логистикалық байланысты нығайтып, тауар тасымалының көлемін еселейді. Экономиканы күшейтеді. Бәсекені арттырады. Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан үшін мұның қандай әсері болмақ? Мұндай зор әлеуетті пайдалану қолымыздан келе ме? Осы тектес сауалдарды Көлік министрі Марат Қарабаевқа қойып көрген едік.

Марат Қарабаев: Қазақстан тиімді географиялық позицияға ие

– Марат Кәрімжанұлы, Мем­лекет бас­­­шы­сы халыққа Жол­дауында әлемде жа­ңа эконо­микалық кеңістік қалып­та­сып жатқанын айтты. Бұдан бы­лай көп­­те­ген аймақтан Қытай­ға жіберілетін та­уар көлемі айтар­лықтай көбейетіні т­у­­ра­лы болжамды да көлденең тартты. Осы­­­­­нау тауар ағынын халықаралық талаптар­ға ла­­­­йық­ты өткізуге Қазақстанның тран­­­­зит­тік жолдары қаншалықты дайын?

– Қазір Қазақстан Еуразия құр­лығын­дағы транзиттік хаб­тың барлық бағыты бо­йын­ша ұстанымын күшейтуге ұмты­лып жатыр. Оларды мемлекеттік бағдар­ламамен ұштастырып, жаһандық бастамалар легінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды. Әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты тауарлар мен қызметтерді жеткізудің логистикалық тізбегінде біз ойла­маған өзгерістер болды. Осы­ған орай министрлік көлік сала­сын­дағы саясаттың тиімділігін тұ­рақты негізде қадағалап отыр.

Жыл басында көлік-логисти­калық әле­ует­ті 2030 жылға дейін дамытудың жаңа тұ­жы­­рымдамасы қабылданып, іске асы­­ры­ла бас­тады. Оның басты міндеті – транзиттік жүк ағынын 40%-ға ұлғай­ту және отандық тауарлар экспор­тын толық қамтамасыз ету. Тұжырым­дама республикалық маңызы бар автожол­дарды 8 мың шақырымға дейін жаңғыртуды, жергілікті маңызы бар жолдарды 30 мың км-ге дейін жөндеуді, инфрақұрылымдағы тар жерлерді жоюды, өткізу қабілетін арт­тыру­ды, жылжымалы құрамды жаңар­­туды, әуе кемелерін жаңар­туды, өңірлік транзиттік авиахабтар мен шекара ма­ңындағы сауда хабтарын құруды көздейді.

Қазақстан географиялық тұр­ғыдан тиімді аймақта орна­ласқан. Қытай мен Еуропа ара­сын­дағы 3 құрлықтық бағыттың екеуі еліміз арқылы өтеді. Біз уақ­тылы қабыл­даған шаралар Солтүстік дәліз­дің қыз­мет етуін қамтамасыз етті. Бірік­кен көлік-логистика компания­сы (БКЛК) кон­тей­нерлік сервисі Қытай – Еуропа – Қытай бағы­ты бойынша блок-пойыздардың үздіксіз қозғалысын жасады. Қазір Орта дәлізді дамыту жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз «мультимодальды логистиканы дамы­ту» бағыты бойынша да жұмысты жан­дан­дыру­ға ниеттіміз. Бұл елдің 2030 жыл­ға дейін ішкі жалпы өнімінің өсуі қосым­ша табыс көзі ретінде сауда-көлік әлеуе­тін дамы­туға әсер етеді. Ол үшін логис­ти­калық паспорт жасап, контейнерлеу бағдар­лама­сын әзірлеп, бекітеміз. Сондай-ақ тасымалдаушының терминалдармен өзара іс-қимылын реттеп, аралас тасымалдау бойынша заңнаманы жетілдіруді (мультимодальды тасымалдау) ойлап отырмыз. Құрастыру қайта өңдеу қоймалары мен Көлік-логис­тикалық орталықты дамыту да  бас­ты назарда.

Бұл шаралар мультимодальды логистиканы айтарлықтай оңтай­лан­дырады. Онда жылжымалы құрамның, тауардың, ұлттық экспедиторлардың қызметтері отандық өндіріске бағдарланады. Халықаралық аренада әріптес елдермен, қаржы институттарымен, ұйымдармен ынтымақтастықты жолға қойдық. Енді инвестиция тартып, инфрақұрылымдық тежегіш факторларды бірлесіп жоюға және әкімшілік үдерістерді оңтай­ландыру бойынша жұмыс жүргізіп жа­тыр­мыз. Бұл міндеттерді іске асырсақ, транз­ит­тік хаб ретінде қалып­тасуға, по­зи­ция­мызды нығай­туға мүмкіндік туады.

Бұған қоса Мемлекет басшы­сының Қытайға ресми сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Ондағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үкіметаралық келісімді атап айтқан жөн. Бұл құжат Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар қозғалысын дамытуды көздейді. Сондай-ақ Көлік министрлігі мен ҚХР-ның даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Аягөз-Тачэн» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға да қол қойдық. Бұл құжаттарға сәйкес екі ел арасындағы іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету­ге және ведомствоаралық ынтымақтастық­ты нығайту жөнінде қажетті шаралар қабылдауға ниеттіміз.

– Қазір бәсеке күшейіп тұр. Оған төтеп беру үшін бірқатар маңызды мәсе­лені шұғыл шешу керек. Әуелі Достық – Мо­йынты, Бақты – Аягөз, Дарбаза – Мақ­та­арал бағытындағы ірі теміржол жоба­лары мен Алматыны айналып өтетін темір­­жол желісін жүзеге асыру керек. Аталған бағыттар­дағы жол жоспарда бекі­тіл­ген уақыт­та аяқталып, пайдалануға беріле ме?

– Бүгінде Бақты – Аягөз бағы­тын салу арқылы Қазақстан – Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелінің ашылуы пысықталып жатыр. Жобаны іске асыру ҚХР мен Қазақстан арасындағы теміржол бағыты бойынша өткізу қабілетін тағы 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. 272 шақырымды құрайтын жоба­ның құрылысы 2024-2025 жылдарға жоспар­ланған. Ал Достық-Мойынты учаскесінде екінші жол салу 2022 жылдан 2025-ке дейін жалғасады. Оның ұзақтығы 836 км. Бұл жоба толық іске асқанда жолдың өткізу қабілеті 5 есеге дейін артады. Қазір жер төсемін салу бойынша жұмыстар атқарылды. Рельс-шпал торын төсеу, су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы стансаларының темір­жол торабынан айналып өте­тін темір­жол желісінің құрылысы келе­сі жылы аяқталады. Оның ұзын­­­ды­ғы – 74 км. Бұл жоба жүзеге ас­қан­­да жүкті тасымалдау уа­қыты 24 сағат­­қа қысқарып, Алма­ты темір­жол то­рабы­на түсетін жүкте­ме 40%-ға дейін төмен­дейді. Дар­база – Мақ­таарал жаңа желісінің құры­лысы 2024-2025 жылдарға жоспар­ланып отыр. Бұл теміржолдың ұзынд­ы­ғы 152 км болады. Осы жол­д­ың Өзбек­стан бағытындағы өткізу қабілеті 10 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

– Мемлекет басшысы «Қазақ­стан темір жолын» толық­қанды көлік-логис­тика ком­пания­сы етіп қайта құруды тап­сыр­­ғаны ес­те. Ұлттық теміржол ком­па­ния­сын қайта құру қай дең­гейде?

– Президенттің былтырғы Жол­дауында «Қазақстан темір жолын» көлік-логис­ти­калық корпорацияға айналдыру тапсырылды. Былтырғы қазан айында Премьер-министр Үкімет отырысында ҚТЖ-ны транс­формациялау модельдерін қарау кезін­де компанияның қолданыстағы құры­лы­мы шеңберінде логистика блогін кү­шейт­уге бағытталған нұсқаны ма­құлдау ту­ралы шешім қабылданды. Ал 22 қа­рашада Үкі­мет министрлікпен және «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен кел­ісім бойынша тиісті жол картасын бекітті.

Биылғы мамырда KTZ Express АҚ және PSA kpmc Ltd бірлес­кен кәсіпорны құрылды. Оның негізгі міндеті – Транскаспий халық­аралық көлік бағытын дамыту және цифрлық сауда дәлізін құру. Abu Dhabi Ports Group-пен ынты­мақтастық туралы меморандум­ға қол қо­йылып, қазіргі уақыт­та бірлескен кәсіп­орын құру бо­йынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұдан бір ай бұрын цифрлық көлік-логистикалық сервистерді, порт және терминалдық қызметтерді дамыту мақсатында Shandong Port Group-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ Сиань қаласында ҚХР-да ел үшін стратегиялық маңызды жүк терминалының ашылуын атап өтпеуге болмайды. Бұл порт Орталық Азияға, Еуропа, Түркия мен Иранға тікелей кон­тей­нерлік пойыздарды жөнелтудің негізгі хабына айналады. Оған қоса ҚТЖ Будапешт қаласында кеңсе ашу бойынша жұмыс жүргізді. Көзделген басты міндет – Қара теңіз порттарынан Еуропадағы белгіленген стансаларға дейінгі соңғы мильді ұйымдастыру, Қазақстан, Орталық Азия және Қытайға жөнелту үшін Еуро­падағы жүктерді шоғырландыру.

Сондай-ақ халықаралық көлік бағыт­тарын дамыту мақсатында бірлескен кәсіпорындар құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сәуір айында «РЖД Логистика», KTZ Express және «Түрік­менстан КЛО» арасында Солтүс­тік-Оң­түстік көлік дәлізін дамыту үшін бір­­лескен кәсіпорын құру туралы мем­оран­­думға қол қойылды. Қазір ТМТМ бағы­тын дамыту үшін Әзербайжан, Грузия темір­жолдарымен бірлескен кәсіпорын құру жұмыстары қолға алынды. Жалпы, ҚТЖ трансформациясын екі кезеңге бөлуге болады. Осы жылдың соңына дейінгі мерзім – бірінші кезеңде транзит пен экспорттың өсуіне жағдай жасау көзделген. Ал өткен жылы және биыл «Қазақстан темір жолы» жүк ағын­дарына талдау жүргізіп, халықаралық компаниялармен қарым-қатынас орнатты, шетелде активтер желісін дамытуға кірісті. Келесі кезеңде салынған маршруттарда транзиттік, экспорттық жүктердің тұрақты өсуі басты назарда болады. Бұл ретте Қазақстан арқылы өтетін дәліздерді дамыту жұмыстары жалғасады.

– Транзиттік әлеуетті нығайту ісінде Транс­каспий бағдары айрықша рөл атқа­рады. Алдағы уақытта осы дәліз арқы­лы тасымалданатын жүк көлемі 5 есеге артуы мүмкін. Бұл үшін Қытай, Әзер­байжан, Грузия, Түр­кия сияқты серік­тес мемлекеттермен бірге күш жұ­мыл­дыру қажет. Атал­ған елдермен жұмысты үйлес­тіру ісі жүр­гізі­ліп жатыр ма? 

– Алдағы қараша айында халықаралық аренада Орта дәліз атауына ие болған Транскаспий халықаралық көлік бағытына 10 жыл толады. Барлық елдің ортақ күш-жігерімен 2017 жылдан бастап дәлізге Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік, экспорттық жүктері бар вагондар мен контейнерлер үшін бекітілген мөлшерлемелер бойынша Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия – Еуропа елдері бағыты бойынша тұрақты мультимодальды көлік сервисі жолға қойылды. Қазір Орта дәліз өзін Еуразия кеңістігіндегі Солтүстік дәлізге Азия мен Еуропа арасындағы бас­ты бала­ма бағыт ретінде таныла бастады. Дәліз­дің өткізу қабілеті – жылына 6 млн тон­на. Оның ішінде 80 мың контейнер бар. Оның жалпы ұзындығы – 6 180 км.

Осы кезде маршрут бойынша өңдеу және тасымалдау мерзімі өткен жылғы 38-53 күннен 19-23 күнге дейін қысқарды. Ендігі мақсатымыз – жеткізу мерзімін 14-18 күнге дейін қысқарту. Ал Қазақстан аумағы бойынша жол жүру уақытын 5 күнге дейін азайту жоспарланды. Геосаяси оқиғалар мен логистикалық тізбектердің қайта құрылуына байланысты Орта дәліз Солтүстік дәлізге балама ретінде ерекше рөлге ие болды. Қазір бұл көлік дәлізін дамытудың оң нәтижелерін байқап отырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бо­йынша Орта дәліз бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемі екі есе ұлғайған.

Осы жылдың 8 айында жүк тасымалдау көлемі 85%-ға өсіп, 1,74 млн тоннаны құрады. Жылдың соңы­на дейін бұл көрсеткішті 3,5 млн тоннаға дейін жеткізу жос­пар­да бар. Жүк тасымалдау көлемі­нің күрт өсуімен көлік инфра­құ­ры­лымына түсетін жүктеме де өсті. Бұл жұмыс барысына әсер етіп, маршруттағы «тар» жерлерді анық­тады. Сондықтан өткен жылдың 25 қарашасында Ақтау қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия Көлік және Сыртқы істер министрлері «2022-2027 жылдарға арналған Орта дәліздегі «тар» жерлерді жою және дамыту бо­йынша жол картасына» қол қойды. Бүгінде аталған серіктес мемлекеттермен бірлесіп, Жол картасын іске асыру аясында шаралар қабылдап жатырмыз. Қазақстан өз тарапынан Ақтау порты базасында «контейнерлік хаб» құру, Достық – Мойынты учаскесінде екінші теміржол салу және Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісін, Маңғыстау облысында кеме жасау зауытын салу сияқты ірі жобаларды іске асыру жоспарлы жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аталған жоспарларды жүзеге асыру Азия мен Еуропа арасындағы саудаға оң әсер ететіні сөзсіз. Енді жыл соңына дейін «тар» жерлерді жою бойынша жол карта­ларын өзектендіріп, оларға толықтыру ен­гізуді көздеп отырмыз. Қазақстан мен Гру­зия арасындағы жол картасына 24-25 қа­занда Тбилиси қала­сында өткен Жі­бек жолы фо­румының аясында қол қо­йыл­ды. Ал Қазақстан, Әзербайжан, Түр­­кия арасындағы жол картасына 2-3 қа­ра­шада Түркі мемлекеттері ұйымының сам­миті аясында қол қою жоспарланған. Жалпы, мар­шруттың барлық қатысушысы үдерістер­ді дамыту және жақсартуда бел­сенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл Орта дәліз бо­йын­дағы барлық елге орасан пайдасын тигізеді.

– Марат Кәрімжанұлы, авто­жолдарда орын алған келең­сіздіктерді Мемлекет бас­­шы­сы тізіп айтты. Сөйтіп, жыл соңы­на де­йін осы кемшіліктерді жою қажеттігін ескертті.

– Президент Жолдауы­ның аясында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында жол салу сапасын жақсарту үшін министрлік жүйелі шаралар мен жаңа тәсілдерді әзірлеп жатыр. Ең алдымен, тапсырмаға сәйкес Бас прокуратура Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың 10 жыл кезеңіндегі қызметін тексерді. Автомобиль жолдарын салу, реконструкция­лау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде заңнаманың сақталуы жіті талданды. Нәтижесінде, 300-ден аса бұзушылық анықталды. Онда қаражатты мақсатсыз пайдалану, жобалардың сметалық құнын арттыру және сапасыз материалдарды пайдалану сияқты олқылықтар анықталды.

Енді автожол жобаларын жү­зе­­ге асыру кезінде жүйелі бұ­зу­­шылықтарды болдыр­мау мақ­сатында Бас прокуратурамен бірлесіп, автожол саласын одан әрі жаң­ғырту және реформалау жөніндегі жол картасы қабылдан­ды. Аталған құжат бірқатар негіз­гі іс-шараны қамтиды. Соның бірі – FIDIC қағидаттарын пайдаланып, жобаның басынан аяғы­на дейін жүргізілуін қамтама­сыз ететін жұмыс келісімшарттары енгізіледі. Аталған келісімшарттар арқылы жол учаскелерін жобалау, іске асыру мен пайдалану үшін бір ғана ұйым жауапты болады. Бұл өз кезегінде жобаларды іске асырудың кешеуілдеуіне, жобалық құжаттаманы түзетуге және өзге де жағымсыз салдарға себепші болған құры­лысқа қатысушылардың арасындағы жауап­­кер­шілікті бір-біріне сілтей салуына жол бермейді. Сондай-ақ тапсырыс беру­шінің атынан нысанда негізгі шешімдер қабыл­дай­тын және олардың салдары үшін жауап беретін инженердің рөлі күшейтіледі.

Бақылауды қатаңдатудың тағы бір шарасы – сапаны бақылаудың бірыңғай рес­публикалық жүйе­сін енгізу. Шара респуб­лика­лық желінің ғана емес, жергі­лікті маңызы бар барлық іске асырылатын автожол жобасын толық қамтуға мүмкіндік береді. Саланы реформалауда мемлекеттік тапсырма негізінде жергілікті автожол сапасына сараптама жасау жұмысын жүргізуге, атап айтқанда Сапа орталығын қаржыландыру бөлігінде заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді.

Мемлекет басшысы Жолдауда автомобиль жолдары саласындағы жаңа нормативтік құжаттарды қабылдауды қадап тапсырған еді. Бүгінгі таңда автожол саласы­ның нормативтік базасын қайта құ­ры­лымдау және өзектендіру аясын­­­да «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да 400-ден аса МЕМСТ, 200-ге жуық ҚР СТ және 277 ведомстволық құжат қай­та қа­ралды. Автожол саласында

1 200-ге жуық нормативтік құжат базасы қалыптасқан. Бұлардың құрамында салалық және басқа салалармен байланысты құжаттар да бар. Жылдың соңына дейін барлық нормативтік-техникалық құжаттаманың 30%-ын өңдеу көзделген. Ал 2026 жыл­дың соңына дейін барлық норм­атив­тік құжаттама ретке келеді. Онда қолдануға өте ыңғайлы Инфожол ақпараттық жүйесі құрылып, іске қосылды. Алайда нормативтік-техникалық құжаттаманың саны мен оларды әртүрлі мемлекет­тік органдар әзірлейтінін және бекітетінін ескерсек, қарама-қайшылықтар мен олқылықтар жиналады. Бұл нормативтердің тәжірибеде қол­данылуына теріс әсер етеді.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен –

Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»