Фото:gov.kz
Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.
«27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т.Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», делінген Antikor хабарламасында.
Айта кетсек, Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылды.
Бұдан бөлек, оның Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үйі, 2021 жылы шыққан Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC маркалы көлігі, 2021 жылы шыққан Bentley Bentayga V8 маркалы автокөлігі, 13 коммерциялық ұйымның қатысу үлесі тәркіленді.