Теннис • 31 Қазан, 2023

Турнирді жеңіспен бастады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұ­қаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Турнирді жеңіспен бастады

Теннисшіміз алғашқы кездесуін дү­ние­жүзілік рейтингте 354-орында тұрған америкалық Тай-Сон Квятковскиймен өт­кізді. Аса тартысты өткен матчта Б.Жұқаев 4:6, 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.
2 сағат 38 минутқа созылған матч бары­сында жерлесіміз 22 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Ал Т.Квят­ковски 15 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Б.Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 174-ші, жарыстың 6-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтон немесе рейтингте 517-сатыдағы испаниялық Иньяки Монтес де ла Торренің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Париж мастерс турнирінде Александр Бублик әлемнің 14-ракеткасын жеңді.