Олимпиада • 31 Қазан, 2023

Олимпиадаға жолдама алды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 қазан – 2 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чангвон қала­сында спорттық оқ атудан Олим­пиадаға жолдама үлестіретін Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Олимпиадаға жолдама алды

Дүбірлі додада жерлесіміз Арина Ал­тухова келер жылы Парижде өтетін Олим­пиаданың жолдамасын жеңіп алды.

Азия чемпионатында А.Алтухова тапаншамен оқ атуда 590 ұпаймен финалға шықты. Нәтижесінде, Арина 5-орынды иеленіп, Олимпиада квотасына қол жеткізді. Спорттың бұл түрінде 2 жолдама сарапқа салынған болатын.

Азия біріншілігінде 24 лицензиясы ойнатылады. Жарысқа 30 елдің 800-ден астам спортшысы қатысып жатыр.