Футбол • 31 Қазан, 2023

Месси тағы да «Алтын доп» иегері

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лионел Месси кезекті рет әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Сал­танатты іс-шара Францияның Париж қаласында өтті.

Месси тағы да «Алтын доп» иегері

Көпшіліктің дауыс беруі нәтижесінде 36 жастағы аргентиналық спортшы аталған жүлдеге қол жеткізді. Мессиден бөлек, үздік үштікке «Манчестер Сити» командасының ойыншысы Эрлинг Холланд пен ПСЖ клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе енді.

Сондай-ақ мадридтік «Реал» футболшысы Джуд Беллингем 21 жасқа дейінгі үздік ойыншыға тапсырылатын «Копа» жүлдесіне ие болды. Ал жылдың ең үздік қақпашысы атағын Аргентина құрамасы сапындағы Эмилиано Мартинес алды.

Эрлинг Холланд болса үздік шабуылшыға берілетін «Герд Мюллер» жүлдесін иеленді. Әйелдер арасында «Барселона» ойыншысы Айтана Бонманти «Алтын доп» иегері болды.

Оған қоса «Барселона» әйелдер командасы арасында жылдың үздік клубы атанды. Ерлер арасында аталған марапатқа «Манчестер Сити» ие болды.

Лионель Месси, «Алтын доп» сыйлы­ғының иегері:

– Сегіз бірдей «Алтын добым» бар және мен үшін әрқайсысының орны ерекше. Биыл командамыздың жетістіктері ескерілді. Яғни алдымен Америка кубогінде, артынша әлем чемпионатында топ жардық. Сондықтан бұл – команданың жүлдесі. Онсыз қол жеткізе алмас едім. Ұлттық құрамадағы жігіттермен бірге барлық қиындықты еңсердік. Енді жемісін көріп жатырмыз.