Қоғам • 01 Қараша, 2023

Қайтыс болған адамды жерлеуге мемлекеттен жәрдемақы берілетінін білесіз бе?

10438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайтыс болған адамды жерлеуге бір реттік мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Оған қандай құжаттар рәсімделеді және қайда тапсыру керек? Бұл туралы Egemen.kz Отырар арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайтыс болған адамды жерлеуге мемлекеттен жәрдемақы берілетінін білесіз бе?

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, мұндай бір реттік жәрдемақыны екі жолмен алуға болады.

1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миністірлігіне egov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы арыз бере арыз аласыз.

2. Ал біріңғай зейнетақы қорынан алатын болсаңыз, сол мекемеге барып арыз тастайсыз.

Тапсырылатын құжаттар тізімі:
– Қайтыс болған адамның зейнетақы қоры бар туысының жеке басын куәландыратын төлқұжат;
– Марқұмның қайтыс болғанын растайтын куәлігі;
– Жәрдемақы алушының банктік шоты туралы ақпарат.

Жәрдемақы алушы осы құжаттарды жақыны қайтыс болғаннан кейінгі 15 күннің ішінде рәсімдеп өткізу керек. Құжаттар тапсырылған соң республикалық бюжеттен төленетін жәрдемақы көлемі 35 АЕК – ол 120 750 теңге көлемін құрайды және 3 күнде алуға рұқсаты шығады.

Ал Біріңғай зейнетақы қорына тапсырылған құжаттар жауабы қайтыс болған адамның зейнетақы қоры болса, 94 АЕК (324 300 теңге) көлемінде беріледі және 5 күн ішінде рұқсаты келеді.