«Бүгін Мемлекет басшылары арасында Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу туралы мәлімдеме жасалады», деді Саясат Нұрбек Ақордада.
Оның айтуынша, университет Қазақстан-Герман университетіне ұқсайтын болады.
«Біз бұл мәселені зерттейтін жеке жұмыс тобын құрамыз. Сондай-ақ Францияның мықты университеттерін тарта отырып, аймақтық университеттер жанынан ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу мүмкіндігін талқылайтын боламыз. Франция университеттерінің делегациясы келді, бүгін Алматыда үш күн бойы өтетін Қазақстан-Франция ректорларының форумы басталады», деп қосты министр.