Қаржы • 01 Қараша, 2023

Франция Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды?

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франциямен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту еліміз үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Франция Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салды?

«Бүгінде екі елдің түрлі саладағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Франция Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды және сенімді серіктесі. Өткен жылы өзара тауар айналымы 30 пайызға артып, 4 млрд долларға жетті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары аясында.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы жылдың сегіз айында екіжақты тауар айналымының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып, 2,7 млрд долларға жеткен.

«Бұған дейін Франция Қазақстанға 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция салған. Бірлескен жобалар энергетика, бейбіт атом энергетикасы, тау-кен және химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, аэроғарыш, фармацевтика және басқа да салаларға қатысты. Бұдан бөлек, басқа да бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып жатыр. Бұл жобалар бүгін өтетін Қазақстан-Франция бизнес форумында жан-жақты талқыланады», деп қосты Қ.Тоқаев.