Спорт • 01 Қараша, 2023

Жеті боксшымыз финалға жетті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда төрінде бокстан жасөспірімдер  һәм жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында  2007-2008 жылы туған жеткіншектер жартылай финалдық айқасын өткерді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 7 боксшысы финалға шықты. Демек, кемінде 7 күміс медаль қанжығамызда! 

Жеті боксшымыз финалға жетті

Фото: boxingkazakhstan

Жасөспірімдер құрамасы сапынан  Алдияр Баһадүр 48 келіде   Үндістаннан келген қарсыласы  Сикандерді  айқын ұтса, 52 келі салмақ дәрежесінде  Нұрасыл Төлебек  өзбек боксшысы  Иброхим Гиосовты жеңді.

66 келі салмақта сынға түскен  Бекарыс Нұрмұхан қырғыз боксшысы Рамазан Исаевты 1-раундта тізерлетті.

70 келіде  Жасұлан Бердалы  өзбекстандық  Мұхаммедсайд Гуломовты, 75 келіде  Жандос Алпысбаев  үндістандық   Сахилден басым түсті.

80 келіде  Бақытжан Айтмұханов  пен 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде  Бексұлтан Қайратұлы да финалға өтті.

Жасөспірімдер бәсекесінде Азия чемпионатының финалдық айқасына 9 елдің боксшылары  шықты.