«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында жаңа экономикалық саясат жариялады. Оның түпкі мұраты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы орайда республикалық бюджет, бірінші кезекте, Президент жүктеген міндеттерді іске асыруға бағытталып отыр. Ең бастысы бұл құжат әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға, елдің тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді», деді Е.Қошанов.
Депутаттар бюджетті екі ай бойы жұмыс топтарында жан-жақты талқыланды. Мәжілістегі барлық фракция отырыстарын өткізіп, өз ұстанымдарын анықтады. Талқылау барысында көптеген сыни пікірлер болды, ұсыныстар айтылды. Ерлан Қошанов олардың барлығы бюджетте ескерілгенін атап өтті.
Ерлан Қошановтың айтуынша, бірқатар жайттарды шешу үшін депутаттар тарапынан қосымша қаржы қарастырылған. Бір ғана мысал, 2,5 трлн теңге бағдарламалардың, жобалардың маңыздылығына қарай қайта үйлестірілді.
Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы Үкіметке Ұлттық қордың қаражатына иек арта бермей, басқа да кіріс көздерін қарастырған жөн екеніне назар аударды.