Теннис • 01 Қараша, 2023

Екінші матчында жеңіске жетті

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мексикада өтіп жатқан WTA қорытынды турни­рі­нің екінші матчында жеңіске жетті.

Екінші матчында жеңіске жетті

Е.Рыбакина әлемнің 9-ракеткасы, грекия­лық Мария Саккаримен кортқа шығып, небәрі 22 минутқа созылған бірінші партияда қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0. Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте грекиялық спортшы сәтті ойнады – 7:6 (7:4). Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:2. Бірақ ізінше Марияның брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Матч тағдыры тай-брейкте шеші­ліп, онда отандық теннисші матчты эйс­пен түйіндеді – 7:6 (7:2).

2 сағат 25 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Саккари 4 эйс, 1 брейкпен көзге түсті (7 брейк-пойнт).