Бокс • 01 Қараша, 2023

WBA рейтингі жаңарды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

WBA рейтингі жаңарды

Аса ауыр салмақта Иван Дычко бір саты төмендеп, 11-орынға сырғыды. Бұл салмақтағы әлемнің «Супер чемпионы» – украиналық боксшы Александр Усик.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап, 10-нан 9-орынға көтерілді. Осы салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Бірінші жартылай орта дивизионда Батыр Жүкембаев 14-орнын сақтап қалды. Бұл салмақ бойынша WBA-ның әлем чемпионы атағы әзірге бос.

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұды­рық­­та­сатын Сұлтан Заурбек бір орынға төмен­деп, ал­тыншы орынға жайғасты. Көштің басын АҚШ боксшысы Ламонт Роуч ешкімге берер емес.

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов үздік төрттікті түйіндеп тұр. Аталған салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы – филиппиндік Марлон Тапалес.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45