Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Мектеп құрылысы тұралап тұр

260 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралап өңірде 5 айдан бері жұмысы тоқтап тұрған мектеп барын анықтады. Бұл туралы «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мектеп құрылысы тұралап тұр

Еңбекшіқазақ ауданына қа­рас­ты Төле би ауылында жаңа­дан салынып жатқан мектеп құрылысының мау­сым айынан бері тоқтап қалуы ұстаздар мен оқу­шы­лар­дың қуанышын су сепкендей бас­қан. 600 орынға ар­нал­ған білім ошағының құ­рылысы 2021 жылы бас­тал­ған.

«612 бала қазір 60 жыл бұрын салынған мектепте оқып жатыр. Кабинет же­тіс­пейді. Жаттығу залында спортпен шұғылдануға мүм­кіндік жоқ. Ата-аналар мен ұстаздардың арманы – жаңа мектепке көшу. Жаңа мек­теп­тің тезірек ашылуына жан-жақты қолдау көрсетсе екен», дейді Төле би орта мектебінің директоры Қази Ысқақов.

Ауылға ат басын бұрған «Ama­nat» партиясының өкіл­дері бұл нысан партия­ның жіті бақы­лауында екенін айт­ты.

«Мектеп құрылысына 1 млрд 489 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Бас мердігер соның өзі жетпей қалғанын айтады. Өйткені жобаның жалпы құны 3 млрд теңгеден асады. Сондықтан құрылыстың тұралап қалғанын жа­сыр­майды. Бұл жұмысты пар­тия мүшелері бақылауда ұс­та­­мақ», дейді облыстық партия фи­лиа­лының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Аманаттықтар алдағы уа­қыт­­та білім және құрылыс бас­­қар­ма­ларын фракция оты­ры­сында тың­дап, қатаң шара қолда­на­ты­нын жеткізді.

Сонымен қатар бұл нысан туралы мәселені Мәжіліс депутаты, партияның ба­қы­лау коми­те­тінің төрағасы Павел Казан­цев республика кө­ле­­мін­де көтеретінін алға тарт­қан.

Бұл – өңірдегі бірінші мә­се­­ле емес. Мектеп тапшы­лы­­ғынан Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында 200 оқушы жалдамалы жеке тұрғын үй ғимаратында оқуға мәжбүр. Себебі елді мекенде мектеп жоқ.

Доландағы 70 орындық жал­ғыз бастауыш мектеп былтыр апат­ты деп таны­лып, жабылып қалған. Со­дан бері 202 оқу­шы жеке тұр­ғын үйлердің қуықтай бөлме­лерінде үш ауысыммен білім алып жатыр. Ал жоғары сынып оқушылары көрші ауыл­дар­ға қатынап оқиды.

Түйінді мәселені шешу үшін биыл мұнда «Amanat» партия­сының сайлауалды бағ­дарламасы аясында 1 200 орын­дық жаңа мектеп құры­лы­сы басталды.

«Енді осы мектеп салын­ған­­нан кейін ауылдың проб­ле­масы түбегейлі шешіледі. Бү­гін­гі таңда ауданда 8 мектеп – үш ауысымдық. Мұны жою бо­йынша ауданда үлкен істер атқа­рылып жатыр. 2023-2024 жылдары 10 мектеп са­лынады деп жоспарлап отыр­мыз», деді аудандық пар­тия филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов.

Мердігерлер мектептің құ­ры­лыс жұмыстары алдағы жыл­­дың қазан айында аяқ­тала­тынына сендірді.

«Бұл жұмыстарды көк­тем­де әзірледік. Құрылыс-монтаждау жұмыстары тамыз айында басталды. Біз сапаға аса қатты мән береміз. Мәселен, мұндағы топырақ – борпылдақ. Қазір оны тығыздап жатырмыз. Сонда са­лынып жатқан ғимарат уақыт өте шөгіп қалмайды. Ны­санды мерзімінен кешік­тір­мей тапсырамыз», дейді мердігер компания өкілі.

Айта кетерлігі, бұл – «Жай­­лы мектеп» жобасы ая­сын­­­да салынып жатқан заманауи білім ордасы.

Өңірде үш ауысымды және оқушы орнының тап­шы­лығын жою мақса­тын­да былтыр 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілсе, биыл 16 мектептің құ­рылысы жүргізіліп жатыр. Оның 9-ы 1-қыркүйекте пай­да­лануға бе­рілді.

 

Алматы облысы