Қоғам • 02 Қараша, 2023

Қазақ халқының үлесі 70,4%-ға жетті

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақ халқының үлесі 70,4%-ға жетті

Фото: ult.kz

«Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» қорытындыларын жариялауды жалғастырып жатыр. Бүгін stat.gov.kz сайтында (Ұлттық санақтар бөлімінде) Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша екінші тақырыптық жинақ жарық көрді», делінген ақпаратта. 

2021 жылы өткен халық санағының қорытындысы бойынша қазақтардың үлесі 70,4%-ға жетті,  яғни 13,4 миллион адам. 2009 жылы жүргізілген санақта қазақтардың саны 10 миллион болған еді. 12 жылдағы өсім 33,7%-ға жетті. Осылайша  жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі бір мүшел уақыт ішінде 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті. Сонымен бірге саны көп ұлттар қатарында орыстар (2,9 млн адам), өзбектер (614 мың адам), украиндар (387 мың адам), ұйғырлар (290 мың адам) бар.