Фото: liter.kz
Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чуван сынды этнос өкілдері бар. Елімізде жүргізілген соңғы санақтың сауалнамасына ұлтын көрсетпеу деген жауап нұсқасы да енгізілген болатын. Соның негізінде санаққа қатысып, сауалнама толтырғандардың арасында 24,8 мың адам өзінің ұлтын жазудан бас тартқан. «Басқа ұлт» деген жауапты таңдағандардың қатары 47,5 мың адамға жеткен, 2009 жылғы санақ кезінде тек 8 адам ғана осы жауапты белгілеген болатын.