Қоғам • 02 Қараша, 2023

«130 000 теңгеге шекарадан өткізген». Түркістан тұрғынының үйінде 30 шетелдік ұсталды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ер адам ұсталды, оның үйінен 30 Өзбекстан азаматы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«130 000 теңгеге шекарадан өткізген». Түркістан тұрғынының үйінде 30 шетелдік ұсталды

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың мәліметінше, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кезінде полицейлер Өзбекстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы заңсыз кіру және шығу үшін сыйақыға қызмет көрсеткен жергілікті тұрғынды анықтады. 

«Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні шекарадан кедергісіз өту бойынша қызмет көрсеткені үшін 130 000 теңге ақшалай қаражат алған сәтінде қолға түсірді. Сондай-ақ, тінту кезінде 2,5 миллион теңгеге жуық ақша, 2 ұялы телефон мен құжаттарды тәркіледі», деді ол.

Полиция қызметкерлері тұрғынның жаздық үйін тексеру кезінде, елде болу мерзімін бұзып жүрген Өзбекстанның 30 азаматын тапты. Ұсталған ер адам оларға Өзбекстанға кедергісіз шығуға кепілдік берген.

Қазіргі уақытта осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.