Үкімет • 02 Қараша, 2023

Елордаға Әзербайжан Президенті келді

1 мин
оқу үшін

Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшып келді. Құрметті қонақты Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елордаға Әзербайжан Президенті келді

Фото: KZgovernment

Айта кетсек, ертең Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді.

Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан елдерінің басшылары  қатысады. 

Соңғы жаңалықтар

Жасанды жаңбыр – бірегей бастама

Экономика • Бүгін, 16:07