Байқау • 02 Қараша, 2023

Күмбірледі Кетбұқаның күйлері

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғанда Кетбұқа би атындағы «Ақсақ құлан» халықаралық күйшілер байқауы болып өтті.

Күмбірледі Кетбұқаның күйлері

Ұлытау облысы мәде­­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма­сы мен «Қазақтың Кет­бұқасы» қо­ғам­дық бір­лестігі ұйым- ­д­ас­тыр­­ған күйшілер са-йысына Ал­маты, Ақтөбе, Қызыл­орда облыстарынан, Астана қа­ласы мен Қытай Халық Рес­публикасынан 19 күйші қатысты.

Екі күнге созылған бай­қаудың 500 мың теңгелік бас жүлдесі астаналық Бек­зада Достияроваға бұйыр­ды. Алматылық Ілияс Тұр­сынбек пен астаналық Мағұрлан Әлкен бірінші орынды иеленді. Екінші орын үш күйшіге берілді. Олар – астаналық Ғазиза Ғарифуллақызы, алматылық Сырым Шонбаев және Қы­тай Халық Республикасы, Шыңжаң өлкесінен келген Кенжебек Долдаұлы. Шыңжаң өлкесі, Іле Қазақ автономиялы облысынан келген тағы бір қандасымыз Еділ Тойланұлы, ұлытаулық Ди­нара Сайдалина, астана­лық Бауыржан Сейдәлі және Те­мірхан Бибітпен бірге үшін­ші орынды бөлісті.

Байқауға қатысушы­лар­­дың ешқайсысы сый-сия­патсыз қайтқан жоқ.

Дәулескер күйші Секен Тұрысбеков:

– Есімі елге аңыз болып жеткен Кетбұқа ба­ба­мыз­дың соңында қал­ған мұ­расын халық арасында кеңі­нен насихаттауда осындай байқаулардың керектігі анық. Осымен, екін­ші мәр­те күй­шілердің «Ақ­сақ құ­лан» атауымен Кет­бұқа би атындағы Ха­­лық­­­аралық бай­қауын ұйым­­дастыра біл­ген аза­мат­тар­дың ісі оңға баса берсін, – деген ті­легін жет­кізді.

 

Ұлытау облысы