«Футбол басқа спорт түрлері сияқты әлемді біріктіреді. Әлем чемпионаты – бірлік пен инклюзивтілік идеясының тамаша көрінісі. 2034 жылы әлем біріншілігін Сауд Арабиясы қабылдайды», деді ол.
Бұдан бұрын Аустралия 2034 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысын өткізуге байланысты өтінімінен бас тартқан еді. Нәтижесінде, Сауд Арабиясы дүбірлі доп додасын өткізуге өтініш білдірген жалғыз ел атанып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтеді. Ал 2030 жылғы әлем чемпионатының жалауы үш құрлықта желбірейді. Алғашқы үш ойын Уругвай, Парагвай және Аргентинада басталса, қалғаны Испания, Португалия және Мароккода өтеді.