Қоғам • 02 Қараша, 2023

Астанада жолаушылар мінген автобус қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жолаушылар автобусы қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жолаушылар мінген автобус қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті

City Transportation Systems көлік компаниясы мен қалалық полиция департаменті оқиғаға түсінік берді.

CTS мәліметінше, 2 қараша күні сағат 15:49-да Абылай хан даңғылы – Жансүгіров көшесінің қиылысында №33 автобустың жүргізушісі өз бағыты бойынша келе жатып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жаяу жүргінші №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Автобустың жылдамдығы сағатына 20 шақырым болған.

Жүргізуші жол ережесін бұзбаған, апат болмаған. Жұмыс тәжірибесі 6 жылдан асады. Сапар алдында 05:30-да медициналық тексеруден өткен. Демалыстан кейін бүгін жұмысқа шыққан", - деді көлік компаниясы.

Алайда Астана полиция департаменті басқа ақпарат таратты. Олардың мәліметінше, әйел бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өтіп бара жатқан. Астаналық полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.