Қазақстанда 11 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйым бар. Оларға 1 миллионға жуық бала барады. Бұл 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 90% жуығы.
Демек орын тапшылығы әлі бар. Министірдің мәлімдеуінше, жаңа жылдан бастап кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы іске қосылады.
- Осы жүйе қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде. Сол кезде 4 балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ата-аналардың кезекте тұрып қалмай, өзінің баласын тезірек орналастыру мүмкіндігі қарастырылған, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.