Қоғам • 03 Қараша, 2023

Астана әуежайының жүргізушісі жұмыс орнында көз жұмды

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүк көлігі жүргізушісінің қазасы туралы Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әуежайының жүргізушісі жұмыс орнында көз жұмды

«2 қарашада дәрігерлер фельдшерлік пункт арқылы перронға шақырылды, себебі олар жүргізушіні жұмыс орнында жүк тиейтін көлік салонында ес-түссіз күйде тапқан. Реанимациялық шаралардан кейін жүргізушінің биологиялық өлімі анықталды», - деді әуежайдың PR қызметінің жетекшісі Тойгүл Жұбанисова.

Қаладан полиция қызметкерлері келіп, жедел-тексеру шараларын жүргізді, содан кейін мәйіт «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ медициналық орталығынан жедел жәрдем көлігімен Астана қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді.

Жүргізуші 2023 жылдың қазан айында медициналық тексеруден өткені мәлім болды. Таңертеңгі ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеруден өткен, денсаулығына шағымдар болған жоқ.

Астана халықаралық әуежайы марқұмның отбасына тиісті әлеуметтік көмек көрсететінін айтты.